Заңтану және халықаралық қатынастар

        1.    Факультеттің аты: Заңтану және халықаралық қатынастар, ЮМ.
        2.    Факульет туралы қысқа ақпарат.

        Алғаш рет «Құқықтану» мамандығы бойынша абитуриенттерді 1998 жылы «Педагогика және өнер» факультеті қабылдай бастады. 1998-2001 жылдары арасында   факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.Саипов басқарды.
        «Құқық негіздері» мамандығы бойынша 2002 жылға дейін философия ғылымдарының докторы, профессор Н.Р.Мусаева басқарған «Философия және құқық» кафедрасы мамандарды даярлады.
        2001 жылдан бері «Құқықтану» факультеті М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дербес құрамдас бөліміне айналды. 2001-2002 оқу жылында факультетті тарих ғылымдарының кандидаты, доцент С.Н.Әлібек басқарды.
        2002-2005 жылдар аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Б.А.Бекзатов басқарды. Осы жылдары деканның орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент И.Е.Ефимова, «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Е.К. Нуртазин басшылық жасап, факультет дамуына қомақты үлес қосты.
        2006-2009 жылдар аралығында факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Т.Битемиров атқарды. 2006 жылы факультет атауы «Заңтану және халықаралық қатынастар» болып өзгертілді. 
        2009-2015 жылдан аралығында факультетті заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қ.Р.Сарықұлов басқарды.
        2015-2016 оқу жылынан бастап факультет деканының қызметін заң ғылымдарының кандидаты, доцент Ж.Қ. Орынтаев атқарып келеді.
        Факультет бакалавриат бағдарламасы негізінде 5B030100-Құқықтану, 5В020200-Халықаралық қатынастар, 5В030400-Кеден ісі, 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандықтары бойынша білікті мамандар даярлайды. 
        2002 жылдан бастап факультет 6М020100-Философия, 2003 жылыдан 6М050200-Саясаттану, ал 2009 жылдан 6М030100-Заңтану мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды оқытады. 
        Факультет студенттерінің әскери кафедрада оқуға және академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса отырып шет елдердің жоғарғы оқу орындарында бір семестрді оқып келуге мүмкіндіктері бар.
        Факультеттің материалдық базасы айтарлықтай, мақтанышқа тұратын «Сот мәжілісінің залы» атты пәндік қабинетте қылмыстық және азаматтық іс істер бойынша ойын негізінде сот процесстері өтеді. Бұған қоса Шымкент қаласы аудандық соттарының көшпелі, көрнекті сот мәжілістері өткізіледі. Сондай-ақ, факультетте мамандырылған   криминалистика кабинеті жұмыс істейді. Оның жабдықтары тергеу қарауында, тінтуде, алуда және тергеу эксперименттерде қолданылатын арнайы криминалистік құралдарды тәжірибелік түрде пайдалануға студенттерге үлкен мүмкіндіктерді береді.  
        Факультет бітірушілері өз мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының ішкі істер министірлігінде, әділет министірлігінде, білім және ғылым министірлігінде, сот және прокуратура органдары, кеден органдары мен басқада құқық қорғау органдарында қызмет етеді.
        «Халықаралық қатынастар» мамандығын бітіргендердің негізгі жұмыс орындары болып Қазақстан Республикасының шетелдер ісі министірлігі, облыстар, аудандар, қалалардың ішкі саясат департаменттері, басқада мемлекеттік және жеке меншік мекемелері мен ұйымдары болып табылады. Факультеттің кейбір бітірушілері өздерінің білімдерін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Батыс Европа, Америка, Канада, Ұлыбритания және басқада мемлекеттерде жалғастыруда.
        «Заңтану» мамандығының магистранттары Халықтар достығы Ресей университетінде (Ресей, Москва қ.) ТМД Желілік университеті Консорциумы шегінде «Халықаралық құқық» мамандырылуы бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. 
                
        3.    Факультеттің мамандықтары: 
        Факультет мамандарды халықаралық стандартқа сай жоғары білім мекемесі және жоғары білім мекемесінен кейінгі 2-деңгейде дайындайды: бакалавриат-магистратура. 
        Бакалавриат:

Мамандық

1 бейіндік пән

2 бейіндік пән

Ұлттық рейтингідегі орны

1.

5B030100-«Құқықтану»

Тарих

Адам.Қоғам.Құқық

1

2.

5В020200-«Халықаралық қатынастар»

Шет тілі

Тарих

1

3.

5В011500-«Құқық және экономика негіздері»

Тарих

География

 

4.

5В030400-Кеден ісі

Тарих

Адам.Қоғам.Құқық

 

Магистратура:

Шифр

Мамандық

1

6М020100

«Философия»

2

6М050200

«Саясаттану»

3

6М030100

«Заңтану»

        4.    Факультеттің кафедралары:
        Факультет құрамында 7 кафедра жұмыс істейді. 
        «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасы
        «Мемлекет және құқық теориясы» кафедрасы «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетіндегі іргелі кафедралардың бірі. Кафедрада 10 ғылым кандидаты, 5 заң ғылымдарының магистірі жұмыс жасайды. Кафедра 5В011500-Құқық және экономика негіздері мамандығын даярлайды. Сонымен қатар 6М030100-Заңтану мамандықтарының профильдік және ғылыми-педагогикалық бағыттары бойынша магистранттарды дайындайды. 
        Кафедра іргелі үздік оқытушылар мен үздік оқулықтарды авторлары болып табылатын профессор-оқытушысынан құралған. Кафедра меңгерушісі Нуртазин Еркінбек Қадырбекұлы шет мемлекеттерінде үздік мақалалар шығарумен қатар барлық мемлекеттік мекемелерде үздік лекциялар оқиды. Кафедраның доценті Бейсебаева Салтанат Бейсекуловна кафедрада 25 жылдан бері қызмет жасайды. Осы атқарған жылдарында мамандарды даярлауда қосқан үлесі зор. «Мемлекет және құқық теориясы», «Саяси және құқықтық ілімдер тарихы», «Рим құқығы», «ҚР Мемлекет және құқық тарихы» атты оқулықтарды авторы. Кафедраның аға оқытушылары заң ғылымдарының кандидаты Нақышов Нурадин Насрединұлы және заң ғылымдарының кандидаты Бекмұратов Ерман Полатович  мамандарды даярлауда зор үлесін қосқан Беделді оқытушыларының қатарында. Заңтану ғылымдары саласында көптеген оқулықтар мен әдістемелік нұсқаулардың авторлары. Кафедраның аға оқытушысы,  заң ғылымдарының магистірі Қалышев Сакен Данабекұлы  20 жыл оқытушылық қызмет атқаруда. Факультеттегі беделді оқытушылардың бірі болып саналады. «Құқық негіздері», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты оқулықтардың авторы. Кафедраның аға оқытушысы заң ғылымдарының магистірі Жаманқараева Ғалия Сейткаримқызы университеттің үздік оқытушысы атағын алған. Көптеген оқулықтардың авторы.  
        Кафедра студенттері Нұртай Б., Қуандық Ақерке Талдықорған  қаласында өткен пәндік олимпиадада 3 орынды иеленді. 
        Кафедраның міндеті-орта мектептерде, лицейлерде, мемлекеттік мекемелерде, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар дайындау. 
        Қазіргі таңда бітірушілер  орта мектептерде, колледждерде, халыққа қызмет көрсету орындарында, құқық қорғау органдарында өздік маман ретінде жұмыс атқаруда. 
        5В011500 – Құқық және экономика  негіздері мамандғы бойынша  бітірушілер келесі қызметтік  міндетті орындауға  даяр болуы тиіс:
        •    жалпы орта және орта арнайы білім  беру  мекемелерінде педагогикалық  қызметті жіргізуге;
        •    оқытудың, тәрбиелеудің  және дамытудың бірлігін  қамтамасыз  етуге;
        •    оқыту әдістері  мен технологиясын жетілдіруге;
        •    педагогика, құқық және экономика  саласындағы зерттеулердің  өзекті бағыттарын анықтауға;
        •    оқу процесін ұйымдастыру  және құқық, экономика мәселелері  бойынша  кеңесші көмегіне;
        •    оқу орындарының  қызметін басқару;
        •    білім беру ұйымдарының құрылымдық бірліктері жұмысын үйлестіруге.
                
        «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы» кафедрасы. 
        2003 жылы «Құқықтану» кафедрасының негізінде «Азаматтық құқық» кафедрасы құрылды. Бұл кезде кафедраға  з.ғ.қ. доцент  З.С.Төлеген  меңгерушілік жасады .2007 жылдың  тамыз айында кафедра меңгерушісі болып з.ғ.қ Исмаилов А.А. тағайындалды.2009 жылдың тамызында  университет ректорының бұйрығымен «Азаматтық құқық» кафедрасы  мен «Кеден ісі» кафедрасы бірігіп «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасы құрылды. Бұл жылы кафедраны  з.ғ.к.доцент Д.Б.Назарбекова басқарды.
        2010 жылдың  тамыз айында «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультет құрылымының өзгеруіне байланысты «Азаматтық және кеден ісі» кафедрасынан  «Кеден ісі»  мамандығы бөлініп шығып . «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу» болып қайта құрылды.Қазіргі таңда  кафедра  меңгерушісі з.ғ.к Елікбай Мақсат Әбдімүтәліпұлы . Кафедрада  профессор –оқытушылар жұмыс атқаруда.Оның ішінде  8 ғылым  кандидаты . соның ішінде , з.ғ.к. доцент Орынтаев Ж.Қ.  з.қ.к . , доцент Ж.С.Қалқанова з.ғ.к. Рахметова Г.Р. , з.ғ.к Қуанышбаева С.О. з.ғ.к. Нурымбетов А.А. з.ғ.к. Елікбай М.А. , п.ғ.к. , З.Е.Паметов., Исмаилов А.А. Сонымен қатар  қазіргі таңда 6 магистр қызмет атқарады.
        Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты -5В030100-«құқықтану» мамандығын оқып жатқан студенттерге азаматтық құқықтық пәндер мен еңбек құқығы саласындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып табылады. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының басты мақсаты- қазіргі заман талабына сай, білікті заңгер мамандарды дайындап шығару.
        Жұмыс бағыты
        Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс  бағдарламаларына типтік бағдарламалар негізінде  өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
        -Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына , оқу танысу , өндірістік жәе дипломды іс-тәжірибелеріне жетекшілік ету.
        -Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік  қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
        -Оқытушылардың ғылыми –зерттеу жұмыстарына , ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
        -Студенттердің тәрбие жұмысы академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.
                
        «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасы
        «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық»» кафедрасы М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің  оқу, оқу - әдістемелік, ғылыми зерттеу және тәрбие  жұмыстарын  МжЖМББС сондай-ақ   М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің тұрақты даму тұжырымдамасына сай оқу - ғылыми  жұмыстарын жүзеге атқаратын бөлім болып табылады. «Конституциялық  және кеден құқығы» кафедрасы ОҚМУ ректорының 2010 жылдың 24-ші тамызындағы №923 өкімімен құрылды. Кафедра жалпы білім берумен қатар «Кеден ісі» мамандығы бойынша кадрлар даярлап шығарады. 2010-2011 оқу жылының қарсаңында «Азаматтық құқық және кеден ісі» кафедрасының құрамынан «Кеден ісі» мамандығы бөлініп, өз алдына «Конституциялық және кеден құқығы» кафедрасы құрылды. Кафедра 2013 жылға дейін мамандар, яғни заңтану және кеден ісі бойынша қызмет атқарды. 2014 жылдың тамыз айынан бастап, кафедра «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» болып қайта құрылып, атауы өзгертілді. Оқу ісін ұйымдастыру, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар таңдау, оның техникалық базасын нығайту, ғылыми ізденіс жұмыстарын жолға қою, көптеген күрделі жұмыстарды шешуде кафедраны әр жылдары қызметіне жетік, білікті ұстаздар басқарды. Кафедрада 12 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Оның ішінде з.ғ.к. Есеналиев А.Е., з.ғ.д., профессор Шайбеков К.А., т.ғ.к., құқық доценті Маймақов Ғ.Қ., з.ғ.к. Исмаилов А.А., з.ғ.к. Кусаинова А.О., з.ғ.к. Паридинова А.Е., құқық магистрлері Жарылқапова Г.П., Муратова Г.Т., Бердекова Р.М., Ярылхапова Ш.Ұ., Дулатова Г.С., және Темирбаев Н.К. Кафедраның профессор-оқытушылары «5В030100 - Заңтану» бакалавр, «6В030100 - Заңтану» магистратура мамандықтарына жалпылама дәрістер жүргізеді және «5В030400 - Кеден ісі» мамандығы бойынша бакалавр мамандарын даярлап шығарады.
        Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты – Заңтану және Кеден ісі мамандықтарында оқып жатқан студенттерге конституциялық құқық негіздері мен кеден ісі саласының жүйелі негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтардың жеке құқықтары мен бостандықтарының маңызын, ерекшелігін ашып көрсету және оны іс жүзінде, өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді.
        Мамандықтың сипаттамасы
        «Конституциялық, кеден және халықаралық құқық» кафедрасы күндізгі және сырттай нысандарына бакалавриат және магистратура  бойынша білім алатын болашақ кеден ісі және заңгер мамандарын дайындайды. Кафедра  өзінің болашақ қызметінде Қазақстандық білім  жүйесін басшылыққа ала отырып, ғылыми және ғылыми зерттеу, тәрбие жұмыстарының  жаңашыл қызмет түрінің  негізінде  білім беру  кеңістігіне білікті мамандар дайындау сондай-ақ оған қол жеткізу- бағдарламаның бағыты болып табылады.
        Сонымен қатар кафедраның білім және ғылыми жұмыстарының негізі ретінде – нарық заманында білім кеңістігінде  бәсекелестікке сай М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің жаңашыл даму старегиясына үнемі өз үлесін қосып оны үнемі дамытып отыру.    
                
        Кафедра «5В030400 – Кеден ісі» мамандығы бойынша білім алған бакалаврлар мамандар мынандай кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
        - кедендік органдарда, орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, оның ішінде құқық қорғау органдарында ұйымдастырушылық-басқарушылық және құқық қорғау қызметі;
        - мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда, ұйымдастырушылық-басқарушылық, кеңес беру қызметі; 
        - орта кәсіптік оқу орындарында білім беру және оқытушылық қызметін атқара алады.
        Оқу мерзімі –күндізгі бөлімде бакалавриат 5В030100 -«Құқықтану»,  5В030400-«Кеден ісі» 4 жыл. Магистратура ғылыми 6М030100--«Құқықтану» (2-жыл), бейіндік 6М030100-«Құқықтану» (1-жыл) болса, оған қосымша Халықаралық құқық мамандығынан бакалавриат, магистратура, Ph.D.  докторларын дайындауға  жаңашыл бастама жасау үстінде.
        Кафедраның  жұмысын   жетістікке жеткізу үшін- келесідей міндеттерді алға қояды.
        1.Оқу процесін жаңашыл бастамасын жасау.
        2.Ғылыми-зерттеу жұмысын жаңашыл бастамасын жасау.
        3. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға жаңашыл бастамасын жасау.
                
        Кафедра жетістіктері
        Кафедраның заң ғылымының кандидаттары Исмаилов А.А., Есеналиев А.Е., Паридинова А.Е., дәріс оқу үшін ОҚО прокуратурасы, ІІД мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және де  Нұр Отан демократиялық партиясының бастамасымен Елбасы жолдауын насихаттауға бірнеше рет шақыртылды, сонымен қатар 2011 жылдан бастап, Даму «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мен «Самұрық қазына» Ұлттық әлеуметтік қоры, ҚР Ғылым және Білім министрлігінің бастауымен ОҚО кәсіпкерлеріне семинар-тренингтер өткізуде. А.А. Исмаилов ОҚО 13-ауданның әкімдерінен семинар-тренингтерді нәтижелі өткізгені үшін алғыс хаттарды алды. Кафедраны заң  ғылымдарының кандидаты Есеналиев Асқат Ералыұлы басқарады. Ол, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы, Жас алаш газеттерімен, ЖОО ректорларының мақтау грамоталарымен марапатталған. Республикалық заңтану және құқық қорғау органдары мамандығы бойынша әдістемелік кеңестің мүшесі ретінде шешімді ойларымен пікірлерін баяндаған  және де 3 -тен астам оқу құралдарымен 1-монография, 50-ден астам жазған ғылыми мақалалары отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған.  2013-2014 жылдары ҚР-ның Әділет министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетпен 2-авторлық куәлік берілген. ҚР Зияткерлік меншік құқығы электронды оқу құралы, ҚР Инвестициялық құығы оқу құралы.
        Сонымен қатар, құқық доценті Ғ.Қ. Маймақов «2012 жылы Үздік оқытушы» номинациясымен ҚР БжҒМ және  ОҚО әкімінің мақтау қағазымен марапатталып, 2014 жылы А.Байтұрсынов атындағы медальдің иегері болды.
        Студенттерді оқытуға арналған инновациялық әдістері
        Оқу үрдісінде келесі оқытудың инновациялық әдістері қолданылады: кейс, іскерлік ойындар, презентация, эссе, глоссарий, портфолио, бейне-лекция, семинар-зерттеу, практикалық орындау және т.б. Лекциялық және практикалық сабақтарды конференциялар, дөңгелек стөл, студенттердің жеке және топтық жобаларын презентациялау түрінде өткізу іс-жүзінде қолданылады. Сабақтарда мәселелі сұрақтарды қарастыру, инновациялық әдістерді қолдану, студенттердің белсенділігін арттырудың негізі болып табылады.
        Мультимедиялық кабинетте бейне-лекция түрінде слайдтарды көрсету мен интерактивтік тақтаны қолдану арқылы пәндер оқытылады.
                
        «Қылмыстық процесс және криминалистика»  кафедрасы.
        1999 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін ізденуші үшін диссертациясын қорғаған (12.00.08 – қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық атқару құқығы). 2002 жылы ҚР БҒМ ЖАК шешімімен «доцент» ғылыми атағы берілген.
        - 1995-1997 ж.ж. – ҚЖМ МТК өзекті әкімшілік-құқықтық мәселелер әзірлеу бөлімінің ғылыми қызметкері;
        - 1997-1999 ж.ж. –ҚР ҰҚК ҚЖМ арнайы кәсіптік дайындық кафедрасының оқытушысы;
        - 1999-2000 ж.ж. ҚР ҰҚК ҚЖМ арнайы кәсіптік дайындық кафедрасының аға оқытушысы;
        - 2000-2007 ж.ж. ҚР ЭСЖҚКА қаржы полициясы Академиясының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының басшысы;
        - 2007-2008 ж.ж. ОҚО бойынша ЭСЖҚКА бөлім басшысы;
        - 2008-2009 ж.ж. М.Әуезов атындағы ОҚМУ Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы;
        - 2009-2015 ж.ж.М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Заңтану және халықаралық қатынастар» факультетінің деканы
        - 2015 жылы «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының меңгерушісі.
        «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы. Университеттің ғылыми Кеңесінің шешімімен 2015 жылы бекітіліп құрылған.
        Кафедраның профессор-оқытушы құрамы: 6  заң  ғылымдарының  кандидаттары,    2 доцент, 8аға   оқытушы,  оның  ішінде  6  құқық магистрлеріненқұралған. Мамандықтарды дайындау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі.     
        Кафедраны заң ғылымының кандидаты, доцент Сарықұлов Құрманғали Рахманбердиевич басқарады.
        Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты қылмыстық құқық саласы бойынша мамандықта оқып жатқан студенттерге құқықтық сала жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қылмыстардың алдын алу, оларды тез және толық ашу, қорғау ерекшелігін ашып көрсету, тиісті нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істей білу және оны іс жүзінде, өмірде дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді.
        Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы заң саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге сабақтар жүргізумен қатар, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысады, халықаралық, республикалық және университет деңгейіндегі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, мәдени және мерекелік іс-шараларға қатысып өз үлестерін қосуда.Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты -  Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға тек қана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, білікті мамандар даярлау болып табылады.
        «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің мемлекеттік лицензиясына сәйкес жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді;
        Мамандарды даярлау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі; күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша.
        Студенттер оқу процесі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы  құқығы, басқа да құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстары.
                
        Жұмыс бағыты
        Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
        -Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және дипломды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету
        -Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру
        .-Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
        -Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарындатәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.
        Оқудың инновациялық технологиясының қолдануы
        Қызмет бабындағы сырттай оқу бөлімінде оқитын студенттет үшін ыңғайландырып прометей жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан дистанциялық оқыту жүйесі енгізілген. Ол арқылы студенттер жұмыстарынан қол үзбей-ақ дәріс алып, курс соңынан сынақ-емтихан сессияларын тапсыру мүмкіндіктері берілген.
        «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика» кафедрасында оқытылатын арнайы пәндердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты арнайы жабдықталған криминалистикалық кабинет жұмыс жасайды.
        Қылмыстық сот өндірісі пәндер циклын оқу барысында белсенді түрде ситуациялық талдау, кейс-стадиялар, рөлдік ойындар, сонымен қатар криминалистикалық құралдар мен әдістерін және сот-сараптама қызметін автоматтандыруды қолдануды үйрену үшін «Faces 4.0», “Pharma” бағдарламалық кешендер пайдаланылады.
        Бітіруші түлектердің жұмыс істеу аясы: 
        •    Құқық қорғау органдары
        •    Сот орындау органы
        •    прокуратура
        •    нотариат
        •    адвокатура
        •    кез келген мекемеде заң кеңесшісі ретінде
        •    кәсіби қызмет аясы:
        •    мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқығы мен заңды мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету.
        •    кәсіби қызмет аясы обьектілері:
        •    Құқық қорғау органдары
        •    Мемлекеттік басқару аясындағы сот орындау органы
        •    Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер
        •    адвокатура
        •    банктер
        •    сақтандыру және аудиторлық компаниялар
        Магистратура жұмысы
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасы 2008 жылы ашылған, бүгінгі күнде университетте 6М030100 – Заңтану мамандық бойынша 105-ға жуық магистрлер даярлап шығарылды.
        ОҚМУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқармалық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді.
        М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың магистратурасында білім алу магистранттардың зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен практиканың маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысуымен ерекшеленеді.
        Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. ОҚМУ-дың магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған профессорлар дәріс береді, университеттің жанжақты халықаралық байланыстары арқасында ОҚМУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында оқуларына және тәжірибеде өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.
        Кафедра халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыс жасайды. Студенттер мен cialisfrance24.com магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына кеңес беру мен дәріс оқу үшін Ресей Федерациясының жазаларды орындау Федералдық қызметінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері з.ғ.д., профессор Горяинов К.К., РФ жазаларды орындау Академиясының профессоры з.ғ.д Ю.А.Кашуба сияқты мамандар шақырылған. 
        «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасы
        «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасы 2015 жылы 28 тамызда М. Әуезов атындағы ОҚМУ-ң Ғылыми Кеңесінің шешіміне сәйкес «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминалистика» кафедрасын екі қафедраға бөлу жолымен құрылған. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекттік лицензиясына сәйкес, кафедра шт тілдерді меңгерген заманның өзгермелі жағдайларына тез және оң әрекет ететін жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
        Кафедраның профессор-оқытушы құрамы: 1-заң  ғылымының  докторы, профессор, 6- заң  ғылымдарының  кандидаттарынан,    6-аға оқытушылардан, оның ішінде -5 құқық магистрі, 1-оқытушылардан құралған.
        Мамандықтарды дайындау мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізіледі.
        Кафедраның негізгі мақсаты мен бағыты - қылмыстық құқық саласы бойынша мамандықта білім алып жатқан студенттерге құқықтық сала жүйесінің негізгі қағидаларын түсіндіру арқылы, әрбір азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып қылмыстарды алдын алу, оларды тез және толық ашу, қорғау ерекшелігін ашып көрсету, тиісті нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істей білу және оны іс жүзінде, өмірде  дұрыс қолдана білуге үйрету болып келеді.
        Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамы заң саласы мамандықтары бойынша оқитын студенттерге сабақтар жүргізумен қатар, ғылыми-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен жан-жақты айналысады, халықаралық, республикалық және университет деңгейіндегі ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға, мәдени және мерекелік іс-шараларға қатысып өз үлестерін қосуда.
        Кафедра профессор-оқытушыларының басты мақсаты -  Қазақстанның құқықтық мемлекет негізінің нығайтуға тек қана білікті маман ретінде өз үлесін қосумен қатар, білікті мамандар даярлау болып табылады. Студенттер оқу үрдісі кезінде мемлекет және құқық теориясы, саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқықтың отандық тарихы, шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, конституциялық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу құқығы, криминалистика, экологиялық құқық, жер құқығы, еңбек құқығы, халықаралық құқық, халықаралық жеке құқық, кеден құқығы, шетелдердің конституциялық құқығы, криминология, прокурорлық қадағалау, құқықтық статистика негіздері, кәсіпкерлік құқық, отбасы  құқығы, басқа да құқықтық пәндер, сонымен қатар шет тілі, логика, әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және мамандандыру шеңберінде құқықтық білімді жеке сала бойынша тереңдетіп оқудың түрлі курстарын оқып үйренеді.
        Жұмыс бағыты
        Арнайы курс бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу, сонымен қатар түрлі пәндер бойынша жұмыс бағдарларына типтік бағдарламалар негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу.
        -Студенттермен тәрбие жұмысы, академиялық топтарда кураторлармен жүзеге асырылады;
        -Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына, оқу танысу, өндірістік және диплом алды іс тәжірибелеріне жетекшілік ету.
        -Кафедрадағы пәндердің кешенді әдістемелік қамтамасыз етілуін қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асыру.
        -Оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына, ғылыми- әдістемелік семинарларына қатысуы.
        -Студенттердің тәрбие жұмысы, академиялық оқу топтарында тәлімгерлік жұмыстар жүзеге асырылады.
        ОҚО қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қызметкерлерімен біріккен ғылыми семинарды  өтқізуде
        Оқу үрдісіндегі инновациялық технологиялар
        Кешкі және қашықтықтан білім беру факультетінде оқып жұмыспен қамтылған студенттер үшін ыңғайландырып Прометей жүйесі арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқыту жүйесі енгізілген. Ол жүйе арқылы студенттер жұмыстарынан қол үзбей-ақ дәріс алып, курс соңынан     сынақ-емтихан сессияларын тапсыру мүмкіндіктері берілген.  
        Қылмыстық-құқықтық пәндер циклын оқып үйренуде белсенді түрде талдау, кейс-стади, рольдік ойындар, миға шабуыл әдістері кеңінен қолданылады. Оқу үрдісі ұйымдастырылуы бойынша барлық оқып білім алушыларды іс жүзінде танымдық үрдісте қамтиды, олар жаңа білімдерді ұғынып және қолдануға мүмкіндік алады. Оқушылардың танымдық үрдістегі біріккен әрекеттері, оқу материалын игеруі, әрбірі өзінің ерекше үлесін қосады, білімдермен, идеялармен, әдістермен алмасуы жүретіндігін білдіреді. «Қылмыстық құқық және криминология» кафедрасында оқытылатын арнайы пәндердің спецификалық ерекшеліктеріне байланысты арнайы жабдықталған криминалистикалық кабинет жұмыс жасайды. Қылмыстық құқық пәндер циклын оқу барысында белсенді түрде ситуациялық талдау, кейс-стадилар, рөлдік ойындар пайдаланылады.
        Бітіруші түлектер ушін
        Мамандығы: құқықтану бакалавры. Бітірушілердің кәсіби қызметі: құқық қолданушы тәжірибе – тергеу, жедел-іздестіру, адвокаттық, атқарушы-өндірістік, нотариалдық-куәландырушы. 
        Бітірушілердің қызмет ету саласы:
        •    Құқық қорғау органдары
        •    Сот орындаушылары органы
        •    прокуратура
        •    нотариат
        •    адвокатура
        •    кез келген мекемеде заң кеңесшісі ретінде
        •    кәсіби қызмет аясы:
        •    мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқығы және ботандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.
        •    кәсіби қызмет аясы обьектілері:
        •    Құқық қорғау органдары
        •    Мемлекеттік басқару аясындағы сот орындаушылары органы
        •    Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер
        •    адвокатура
        •    банктер
        •    сақтандыру және аудиторлық компаниялар
        •    білім беру ұйымдары
        Магистратура жұмысы бойынша
        Факультет бітірушілері өз білімдерін магистратурада жетілдіруге мүмкіндіктері бар. М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистратурасы 2008 жылы ашылған, бүгінгі күнде университетте 6М030100 – Заңтану мамандығы бойынша 135 магистрлер даярлап шығарылды. ОҚМУ-дың магистратурасының білім беру бағдарламалары ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттар бойынша екі бағытта жүзеге асырылады және магистратура түлектерінің болашақта ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналыса алатын тереңдетілген арнайы кәсіби даярлықты қамтамасыз етеді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың магистратурасында білім алу магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуымен, олардың ғылым мен тәжірибенің маңызды салаларының жетекші мамандарының басшылығымен жүзеге асырылатын университеттің ғылыми жобаларына қатысу мүмкіндігімен ерекшеленеді.
        Университет магистратураның оқу бағдарламаларын шет елдердегі жетекші ғылым және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүзеге асырады. ОҚМУ-дың магистранттары үшін жыл сайын шет елдерден шақырылған ғалым профессорлар дәріс береді, университеттің жан-жақты халықаралық байланыстары арқасында, ОҚМУ магистранттарының шет елдердің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарында білім алуларына және тәжірибеден өтулеріне толық мүмкіндіктері бар.
        Кафедра халықаралық ынтымақтастық бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмысына кеңес беру мен дәрістерді өту үшін, Ресей Федерациясының жазаларды орындау Федералдық қызметінің Ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері з.ғ.д., профессор Горяинов К.К., РФ жазаларды орындау Академиясының профессоры з.ғ.д Ю.А.Кашуба,  заң ғылымдарының докторы, Мюнхен Техникалық Университетінің профессоры Георгий Джораевич Хубуа (Германия) сияқты мамандар шақырылған.
                
        «Философия» кафедрасы
        Философия» кафедрасы шырайлы Оңтүстік Қазақстан өңірінің рухани символына айналған Қазақ химия-технологиялық институтының «Философия» кафедрасы мен Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық университетінің «Философия және құқық» кафедрасының бірігуі нәтижесінде 1998 құрылған.
        Философия кафедрасының алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
        •    қазақ ұлттық мәдениетінің философиялық негіздерін зерттеп, оны көпшілікке түсіндіруі;
        •    қазақтың ойлау мәдениетінің әртүрлі формаларын анықтап, оны философиялық методология тұрғысынан зерделеу;
        •    әлемдік философия тарихының інжу-маржандарымен таныстыру;
        •    студенттердің еркін ойлап, еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
        •    сөйлеу мәдениетіне баулу;
        •    заман мен қоғам күрделенген сайын философиялық ғылым мен дәстүрдің танымдық және тәрбиелік маңызының арта түсуінің заңдылығын студенттерге жеткізу;
        •    жүрдек заманның талаптарына сай толеранттылықты дамыту;
        •    сұхбаттық парадигма негізінде кредиттік оқу жүйесін нығайту.
        Кафедраның негізгі оқытатын пәндері:
        •    Философия
        •    Адами даму
        •    Логика
        •    Этика және эстетика
        •    Ғылым тарихы мен философиясы
        •    2002 жылдан бастап кафедра 6N0201 “Философия” мамандығы бойынша магистранттарды дайындауда.
        Біздің жетістіктеріміз
        Кафедрада аға оқытушылары М.А.Бейсенбаев және Ж.Б Абдуллаеваның жетекшілігімен «Тұнба» философиялық үйірмесі жұмыс істейді. Жыл сайын университетте студенттер арасында философиялық олимпиадалар өткізіледі. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына (СҒЗЖ) нәтижелі жетекшілік етуде. Республикалық деңгейде бірнеше студенттеріміздің жұмыстары марапатталды: Халикназаров К., Молдабеков Б., Ешанкулов Б. және тағы басқалары.
        Кафедра М.В.Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу қ.), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.), Г. Сковорода атындағы БМУ (Минск қ.), ҚР БжҒМ философия және саясаттану институты (Алматы қ.) және Өзбекстан Ғылым академиясының философия институттарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде (Ташкент қ.).
        Оқытушылардың біліктілігін арттыру жұмыстары Т.Г.Шевченко атындағы КМУ, А.А.Жданов атындағы СПбУ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Ташкент мемлекеттік университеттердің негізінде жүзеге асырылады. 28 қаңтар 2011 жылы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз» атты Жолдауында әлеуметтік бағдарламалардың негізгісі – білімді дамыту екенін айтып өтті. Жоғарғы білім жүйесін модернизациялауға көп көңіл бөлгендіктен, біздің кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы осы міндеттерді жүзеге асыруға күш жігерін жұмсауда. ОҚМУ үшін Жолдауда көрсетілген жоғарғы оқу орындарының инновациялық іс-әрекетке көшуі маңызды басымдылық болып табылады, университетіміздің ғылыми-зерттеуші оқу орнына айналғанын көздейміз. Осы себепті 2011-2020 жылдарындағы білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.
                
        «Халықаралық қатынастар және саясаттану» кафедрасы
        Кафедра «Саясаттану» және «Халықаралық қатынастар» кафедраларының  -  2014 жылы 28 тамызда университет кеңесінде қосылуы туралы шешімнен кейін «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасы құрылды.
        Мемлекеттік лицензия Сериясы АА№0000042 бойынша 26.04.2004 жылы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің №361 Жарлығы негізінде 050202 «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша мамандар даярланады.
        Халықаралық қатынастар бакалаврының кәсіптік қызмет объектілері болып әлемдік экономика, мемлекеттің тарихы, әлемдік қауымдастықтың ішкі жүйесі, халықаралық қатынастар, халықаралық ұйымдардың қызметіндегі тәжірибелік және теориялық қырлары, халықаралық жағдайға маңызды ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар, қазіргі кезеңдегі әлемнің ғаламдық мәселелері саналады.
        «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасы саясаттану мамандығы бойынша саясаттану ғылымының  магистрлерін даярлап шығарады. Саясаттану ғылымдарының магистрлеріне ҚР ЖОО-да, саяси ғылыми зерттеу институттарында, ішкі саясат департаменттерінде және т.б. мемлекеттік қызметке жұмыс атқаруға жол ашылады.
        «Саясаттану және халықаралық қатынастар» кафедрасының негізінде жаңа инновациялық жоспары құрылды. Ол негізгі 5 басым бағыттан тұрады.
               1 бағыт: инновациялық оқу процесі;
               2 бағыт: ғылым арқылы білім алу;
               3 бағыт: алдынғы қатарлы кадрлар;
               4 бағыт: қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру;
               5 бағыт: діни сауаттылықты арттыру және толеранттылықты қалыптастыру;
        Кафедраның оқытушы -профессор құрамы қазіргі таңдағы өзекті тақырып болып табылатын үлкен бағытта жұмыс жасайды.  Сонымен қатар  саясаттанудың негіздері, саяси ойлардың тарихын оқытумен қатар, елбасымыз Н.Назарбаевтың шығарған еңбектері, жыл сайынғы  халықына жолдауылары, және Қазақстанның өсіп - өркендеуіне жасап жатқан орасан зор еңбектерін танып білуге, Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі саяси үрдістерге жеке талдау жүргізуге және студенттерді қоғамдық өмір мен мемлекеттің дамуында белсенділікті танытуға және өз үлестерін қосуға үйретеді.
        Біздің түлектер
        Нарықтық экономика жағдайында кафедра түлектері егеменді мемлекетіміздің түрлі салаларында белсенді қызмет атқаруда. Халықаралық қатынастар мамандығының түлектері Сыртқы істер министрлігінде, мемлекеттік мекемелерінде, шет ел елшіліктерінде қызмет атқаруда.
        Мамандық бойынша студенттердің шет тілдерін терең меңгеруі, алған білімдерін қазірдің өзінде толыққанды қолдануы нәтижесінде, олар өмірден өз орындарын тауып, тұтқалы қызметтерге жүйелі түрде орналасып, алған машықтарды пайдалана отырып табысты жұмыс істеу арқылы еліміздің дамуына ықпал етуде.
        Оқытушы-профессорлар құрамы
        Кафедрада 21 оқытушы жұмыс істейді, олардың 1 саясатттану ғылымдарының докторы, 7 тарих ғылымдарының кандидаты, 3 философия ғылымдарының кандидаты, 4 саяси ғылымдарының кандидаты, 1 РһД докторы, 13 аға оқытушы саясаттану және тарих ғылымдарының магистрлері болып табылады.